ШҚО-да сапасыз өнімдерді саудалағаны үшін 170 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды

05 қаңтар, 2019, 14:36 3223
ШҚО-да сапасыз өнімдерді саудалағаны үшін 170 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды

Аймақтағы шетелден әкелінетін 300-ге жуық өнім еліміздің техникалық регламент талаптарына сай емес.

Шығыс Қазақстан облысында сапасыз өнімдерді саудалағаны үшін 170 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды. Өйткені аймақтағы шетелден әкелінетін 289 өнім еліміздің техникалық регламент талаптарына сай болмай шыққан, деп хабарлады "Хабар 24" порталы.

Бұл туралы өңірдегі қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Талап үдесінен шықпайтын азық-түліктің көпшілігі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия сынды елдерден жеткізіліп отыр. Мамандар ет, сүт, балық, шұжық және шырын түрлеріне  сараптама жүргізген. Мәселен, сүт құрамында 4 пайыз майлылықты көрсетсе, тексере келе бұл көрсеткіштің 3 пайыздан да төмен екені анықталды. Ал шырын түрлерінде 1 литр сусынға тиісті мөлшерден артық нитраттар табылған. Осылайша, сапасыз өнімдерді саудалағаны үшін 170 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды.

ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Алена Кравченко сынама алынған азық-түлік өнімдерінің барлығында да талаптардың сақталмағанын айтты.  

"Азық-түлік қауіпсіздігі монтирингісін жүргізу барысында 527 сауда нүктесін қарап шықтық. Ол жердегі өнімдерден 5833 сынама алынды. Нәтижесінде барлығында да талаптардың сақталмағаны белгілі болды", - деп атап өтті ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #азық-түлiк өнiмдерi #жауапкершілік #сауда

Читайте также

Похожие новости