ШҚО-да шыршаларды браконьерлерден қорғау үшін 80 мобильді топ құрылды

07 желтоқсан, 2018, 12:03 3137
ШҚО-да шыршаларды браконьерлерден қорғау үшін 80 мобильді топ құрылды

Жаңа жылдық ағаштарды мекемелер мен ұйымдар арнайы өтініш беру арқылы ғана алады.

Аймақтағы орман алқаптарымен өтетін жолдарға 40 бақылау-өткізу пункті орнатылды, деп хабарлады Алтайньюс.

"Аймақтағы орманға баратын жолдарға 40 бақылау-өткізу пункті орнатылды. Сондай-ақ, жаңа отырғызылған шыршаларды браконьерлерден қорғау үшін 80 мобильді топ құрылды", – деді облыстық жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы инспекциясының жетекшісі Ерлан Упобаев.

Инспекция мәліметінше, өткен жылы жаңа жыл қарсаңында бір ғана ағаш заңсыз шабылыпты. Браконьерден қарағай тәркіленіп, оның өтемі 34 мың теңге болды.

Жаңа жылдық ағаштарды мекемелер мен ұйымдар арнайы өтініш беру арқылы ғана алады.

"Облыс көлеміндегі балабақша, мектеп, мекемелерде жаңа жылдық мереке өткізу үшін 880 шырша шабуға рұқсат берілді", – деді испекцияның өкілі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар