ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккен балаларға 3,5 млн теңге бөлінді

26 Марта, 2018, 17:46 1930
ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккен балаларға 3,5 млн теңге бөлінді |  | BNews.kz

ҚР Мәжіліс депутаты және бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиеваның бастамасымен  "Асыл бала" қоғамдық қоры қаржылай көмек көрсетті.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның қолдауымен құрылған "Асыл бала" қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккен балалардың отбасына 3,5 миллион теңге бөлді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

"Асыл бала" қоғамдық қорының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккен балалардың отбасына 3,5 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді", - делінген таратылған хабарламада.

Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиеваның айтуынша, "Аягөз Болашақ" қорына аударылған қаражат жылы киім алуға, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13856

Похожие новости