ШҚО-ның кейбір мектептерінде сабақ болмайды – Сағадиев

3 Апреля, 2018, 14:41 2016
ШҚО-ның кейбір мектептерінде сабақ болмайды – Сағадиев |  | BNews.kz

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында төтенше жағдай жарияланып отыр.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір мектептерінде су тасуына орай сабақ болмайды. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Тұрғындар назарына айтарым: су тасуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында сабақ болмайды. Толық ақпарат облыстарға бүгін таратылады", - деді министр.

Сондай-ақ 4, 9, 11 сынып оқушылары үшін күрделі жағдайға байланысты оқу білімінің ішкі бағасы (ВОУД) сынағы тапсырылмайтын болды.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 316 үй мен 185 аула іші әлі де су құрсауында екені туралы айтқанбыз. Осыған орай Семей, Аягөз, Зырян және Шемонаиха аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13866

Похожие новости