ШҚО-да табиғатты ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды

31 шілде, 2018, 12:49 1864 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-да табиғатты ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды

Өндіріс орындарына салынған айыппұл көлемі 21 миллион теңгені құрайды.

Экологиялық департамент мәліметінше, бұл кәсіпорындар мен зауыттардың ауаны шектен тыс ластауына орай белгіленіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері табиғат қойнауын пайдаланатын 66 өндіріс ошағы тексерілді. Табиғаттан көл-көсір пайда көріп жатқан алпауыт зауыттар экологиялық заңнамаларды белшесінен басып, лас қалдықтар шамадан тыс бөлінген. Осылайша 166 әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды. Табиғат жанашырларының айтуынша, тіпті кейбір мекемелер дәлелденген айыппұл көлемін төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан.

"Айыпұлдың 15 миллион теңгесін өндіріс орындары өз еріктерімен төлеп шықты. Алайда келіспегендері де болды. Осылайша 3 миллион теңгеге жуық сома сот шешімі арқылы мәжбүрлі түрде өндірілді. Сондай-ақ 39 кәсіпорынға табиғатқа келтірген зияны үшін 102 миллион теңгені өтеуге талап жолданды", - деді облыстық экологиялық департамент басшысы Дмитрий Кавригин.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар