ШҚО-да тағы бір "Алтын адамның" табылғаны расталды

06 тамыз, 2018, 11:34 1870 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-да тағы бір

Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.

Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері БАҚ өкілдеріне таныстырылуда, деп хабарлады Қазақпарат.

Бұл - Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші "Алтын адам".

Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған "Алтын адамның" еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.

"Бұл - біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған "Алтын адамнан" да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған "Алтын адам" табылды" - дейді археолог.

Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен.

"Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек" - дейді ғалым.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар