Үкімет тарапынан ШҚО-ға міндетті түрде тиісті көмек көрсетіледі – Сағынтаев - Жаңалықтар | BNews

Үкімет тарапынан ШҚО-ға міндетті түрде тиісті көмек көрсетіледі – Сағынтаев

03 сәуір, 15:35 1617 Астана
Үкімет тарапынан ШҚО-ға міндетті түрде тиісті көмек көрсетіледі – Сағынтаев

Еліміз бойынша жалпы 58 елді мекенде 1500 үйді су басты.

Бүгін өткен Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Үкімет тарапынан міндетті түрде тиісті көмек көрсетіледі, қосымша қаржы бөлінеді, облыстан 2 миллиард теңге сұратылды. Бақыт Сұлтанов (ҚР Қаржы министрі – редакцияның ескертуі), аталған мәселеге қатысты шұғыл шешім қабылдауыңызды сұраймын", - деп тапсырды Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың баяндауынша, еліміз бойынша жалпы 58 елді мекенде 1500 үйді су басып, 3800-ден астам адам эвакуацияланды.

"Су тасқынының себебі ауа райының бірден жылынуы мен жаңбыр мен қардың шамадан үш есе артық жаууы болды. 1200-ден астам үй тасқын судан тазартылып, 2800-ден астам адам үйлеріне қайтып барды. Шығыс Қазақстан облысында жағдай аса қиын, онда 316 үй мен 185 ауланың аумағын су басқан. Су басу жағдайына байланысты Семейде, Аягөз, Зырянов және Шемонаиха аудандарында жергілікті көлемде төтенше жағдай жарияланды", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, апаттан құтқару жұмыстарына 494 адам, 112 бірлік техника, 109 мотопомпа мен 12 жүзу құралдары тартылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары