ШҚО-ның бірнеше аудандарында сабақ болмайды

13 қараша, 2018, 10:24 1758 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-ның бірнеше аудандарында сабақ болмайды

Зырян ауданында ауа температурасы 30 градуске дейін төмендеген.

13 қарашада Шығыс Қазақстан облысының бірқатар елдімекенінде қатты аязға байланысты сабақтар болмайды, деп хабарлайды  BNews.kz ustinka.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік білім басқармасының ақпараты бойынша, бүгін Зырян ауданында 34 градус аязға байланысты 1-11 сынып аралығында, Риддер қаласында -24 аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-4 сынып аралығында, Аягөз ауданында 31 градус аязға байланысты 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақтар болмайды. Сонымен қатар, Көкпекті ауданында  -27 аяз, 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында және колледждердің 1-2 курстарының студенттері бүгін оқымайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар