ШҚО-ның Глубокий ауданында 406 адам эвакуацияланды - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-ның Глубокий ауданында 406 адам эвакуацияланды

24 наурыз, 2018, 19:28 2431
ШҚО-ның Глубокий ауданында 406 адам эвакуацияланды

Эвакуациялық орында тұрғындар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жақын уақытта оларға психологиялық көмек көрсетіледі.

Шығыс Қазақстанның тағы 4 ауданында су тасқынына дайындық режімі күшейтілді, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс бойынша қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың саны 406 адамға жеткен. Оның 135-і балалар.

"Күшейтілген дайындық" режімі Күршім, Зырян, Ұлан, Жарма аудандарында жарияланып отыр. Үйін тастап шыққан тұрғындардың басым бөлігі Глубокое ауданының тұрғындары.  Жергілікті әкімдік оларға аудан орталығындағы жатақханадан, Белоусовка кентіндегі аурухана мен аргротехникалық колледжден, Прогресс және Предгорное ауылының мектептерінен уақытша баспана ұсынды.    "Эвакуациялау бекеттерінде зардап шеккендерге ыстық тамақ берілуде. Психолог мамандар да көмек көрсету үшін жолға шықты. Барлық су алған орындарда жұмыс үздіксіз жүргізіліп жатыр" - делінген Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Ал Таулы Үлбі елді мекенінде тәуліктік күзет қойылды. "Қазселденқорғау" мекемесі өзен бетіндегі мұздардың жылжуын жіті бақылауда ұстап отыр. Мұздардың кептелуі тағы да өзеннің арнасынан асуына себепкер болуы мүмкін деген қауіп бар. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар