ШҚО-ның Көкпекті ауданында жылжымалы кітапхана жұмыс істейді

16 Января, 2019, 16:07 2024
ШҚО-ның Көкпекті ауданында жылжымалы кітапхана жұмыс істейді |  | BNews.kz

Басты мақсат – оқырмандармен тығыз қарым-қатынас орнату.

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында жылжымалы кітапхана жұмыс істейді. Бұл оқырмандардың қазақ және әлем әдебиеті классиктерінің туындыларына деген қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынған, деп хабарлады altaynews.kz.

Енді көкпектілік кітапханашылар әр үйді аралап, соғыс ардагерлеріне, сондай-ақ зейнеткерлерге жалпы оқырмандарға қалаған кітаптарын апарып береді. Басты мақсат – оқырмандармен тығыз қарым-қатынас орнату.

"Сіз кітапханаға келмесеңіз, онда біз сізге барамыз" деген ұстанымды берік ұстанған қызметкерлер таяуда қариялардың үйлеріне барып, Қасым Аманжоловтың өлеңдер жинағы мен Әбдіжамал Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының аудармаларын тарту етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости