Шуда апатқа ұшыраған пойызда зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төленеді

18 Июня, 2018, 19:17 1897
Шуда апатқа ұшыраған пойызда зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төленеді |  | BNews.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мен "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ арасында жасалған міндетті сақтандыру туралы келісімге сәйкес, зардап шеккендерге өтемақы төленеді.

Шуда 17 маусымда вагон аударылғанда зардап шеккендерге өтемақы төленеді, деп хабарлайды BNews.kz  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мен "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ арасында 2017 жылдың 4 қазанында тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне сәйкес міндетті сақтандыру туралы келісім жасалды. Жоғарыдағы Келісімге сәйкес, Компания жолаушылар алдындағы сақтандыру оқиғасына байланысты өтемақысы төленеді", - делінген компанияның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 17 маусымда №9 "Астана НЖ – Алматы-1" бағдарындағы жолаушылар пойызының 8 вагоны Сарышаған-Шу телімінің Жиделі-Бірілік қума жолында жолдан шығып, оның 3-еуі аударылып қалды. Қазіргі кезде ҚТЖ сақтандыру компаниясымен тиісті ақпараттар алмасуда.

"Осыған байланысты егер сіздің денсаулығыңызға немесе мүлкіңізге залал келтірілсе, сіз компанияға келісім шартта көрсетілген сақтандыру өтемақысын талап ете аласыз", - деді компаниядан.

Сақтандыру өтемақысын алу үшін Сіз "Мұнай сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамынан сақтандыру өтемақысын сұрай аласыз. Компанияның филиалдары мен басқа байланыстарын ресми https://nsk.kz сайтынан табуға болады.

Сақтандыру өтемақысы мәселесіне қатысты – 8 (7272) 581800 және 2258 ұялы телефоны (қоңырау тегін), ішкі нөмірі 1340, сондай-ақ 8 (7172) 600-235 нөмірлеріне хабарласу арқылы білуге болады.

Айта кетейік, Алматы-1 теміржол вокзалында рельстен шығып кеткен жүрдек пойызының жолаушыларына медициналық көмек көрсетілді. Вокзалдың медициналық пунктінде 10 жедел жәрдем көлігі кезекшілікте болды.

Бүгін Шуда пойыз апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды.

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости