Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

20 наурыз, 2018, 10:19 4803 Астана
Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

Цзиньпин құттықтау жеделхатын жолдады.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл туралы ҚХР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй айтты, деп хабарлады Қазақпарат ХАА.

"Бүгін біз жақсы бір хабар алдық. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Наурыз мейрамына байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнайы құттықтау хатын жолдап, барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтады. Қазіргі кезде Қытайда үлкен екі жиналыс бойынша ауқымды шаралар өтіп жатыр. Соған қарамастан, Си Цзиньпин мырза Нұрсұлтан Әбішұлына арнайы жеделхатын жолдады. Осының өзі екі басшы арасындағы мықты достықтың көрінісі болса керек", - деді ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй бүгін Наурыз мейрамына арналған салтанатты шарада.

Елшінің айтуынша, бүгінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар ойдағыдай дамып келеді. Көрші мемлекет Қазақстан экономикасына қыруар қаржы салып отыр. "Бір жол - бір белдеу" бастамасы аясында өзара ынтымақтастық та күшейіп келеді. Қытайда жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 9800 долларды құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар