СІМ Латвияда Аслан Мусиннің ұлы қайтыс болғанын растады

27 желтоқсан, 2017, 12:06 1623 Астана
СІМ Латвияда Аслан Мусиннің ұлы қайтыс болғанын растады

ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы – Асылбектің Латвияда 23-нен 24-не қараған түні қайтыс болған. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қаза дерегі расталады. Ригадағы консул оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Асылбек Аслан Мусиннің үш баласының бірі. Елімізде Асылбек Мусин құраншылдар сектасының негізін қалаушы ретінде танымал. Ол әкесінің билігі жүріп тұрған кезеңде, тіпті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің алдында діни тақырыпта дәрістер оқыған. Сондай-ақ, оның аты бірнеше видеосұхбаттың авторы ретінде көпке танымал.

Қаза тапқан Асылбектің әкесі Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып, 2017 жылы қаңтарда елші қызметінен зейнет жасына толуына байланысты босатылған. Мусин Хорватиямен қатар Босния және Герцеговина, Черногориядағы елші қызметін де қоса атқарған. Ол Хорватиядағы елші қызметін 2014 жылдың наурызынан бері атқарған.

Аслан Мусин 2008-2012 жылдары президент әкімшілігін басқарған, 2012-2014 жылдары республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар