Синоптиктер 25 қазанда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжауда

25 қазан, 2018, 09:16 1462
Синоптиктер 25 қазанда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжауда

Тек республиканың батысында жаңбыр жауады.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауады. Кей жерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел жылдамдығы 17-22 м/с күшейеді.

Aтырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз Aтырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында, күндіз Aтырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар