Синоптиктер ауа температурасы тағы да төмендейді деп болжауда - Жаңалықтар | BNews

Синоптиктер ауа температурасы тағы да төмендейді деп болжауда

02 ақпан, 13:41 1621
Синоптиктер ауа температурасы тағы да төмендейді деп болжауда

Алдағы күндері, яғни 3-5 ақпанда елімізде жел күшейіп, қар жауады және боран соғады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Консультативтік болжамға сәйкес ақпан қарлы, Атлантика аудандары мен Каспийдің оңтүстігінен циклондардың жиі өтуіне байланысты, елдің солтүстігінде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, қар жауып, боран соғып, оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде.

Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде -25-35°С аяз, күндіз -15-25°С аяз, ал оңтүстікте түнде -10-20°С аяз, күндіз -5-10°С аязға дейін төмендейді.

"Ауа температурасы төмендеуінің нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында нормадан 1°С жоғары, қалған аумақта – нормаға жуық болады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық және одан көп, қалған аумақта – нормадан аз түседі деп болжанады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары