Синоптиктер бүгін елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжауда - Жаңалықтар | BNews

Синоптиктер бүгін елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжауда

15 маусым, 09:43 2679
Синоптиктер бүгін елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжауда

Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Қазақстан аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күн тек Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен шығысында ашық болады. Кей жерде жауын жауып, жел күшейіп, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы да мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында бұршақ жаууы ықтимал. Түнде желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Ақтөбе облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде тұман болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Маңғыстау облысының жекелеген аймақтарында өрт қаупі туындайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары