Синоптиктер бүгін елімізде жаңбыр мен бұршақ жауады деп болжауда
Тек республиканың батысында, оңтүстігінде және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте түнде және таңертең дауыл, тек республиканың батысында, оңтүстігінде және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, желдің күші 15-20 м/с. Жамбыл, Қостанай, Ақмола, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарында бұршақ жаууы ықтимал.
Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстараның басым бөлігінде, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысы, басым бөлігінде Қызылорда облысы, кей жерлерде Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының жоғары өрт қаупі сақталады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады
-
Астанада 8 ақпанда мектептер мен колледждерде білім алушылар үшін сабақ болмайды
-
Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды
-
Елордалық мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне екінші ауысымда да сабақ болмайды
-
Астанада қала маңына қатынайтын жеті автобус бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылды
-
Астанада 7 ақпанда мектеп оқушыларына сабақ болмайды
-
Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды
-
Қарағанды облысында қатты аяздан зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды