Синоптиктер елімізде күн суытып, бұршақ жауады деп болжауда - Жаңалықтар | BNews

Синоптиктер елімізде күн суытып, бұршақ жауады деп болжауда

12 маусым, 09:16 2181 Қазақстан жаңалықтары
Синоптиктер елімізде күн суытып, бұршақ жауады деп болжауда

Алдағы үш күнде Қазақстан территориясына салқын, дымқыл ауа түседі.

Мұндай ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК-ның инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева берді, деп хабарлайды BNews.kz sputniknews.kz-ке сілтеме жасап. Республикамыздың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде.

"Еліміздің кей жерінде найзағай ойнап, дауылды жел соғады және бұршақ жауады. Ауа температурасы өзгереді, өткен демалыс күндермен салыстырғанда климаттық деңгейден 1-4 градусқа төмен болады", - деп болжады Лаура Сайлыбаева.

Синоптиктердің болжауынша, Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аудандарынан салқын және дымқыл ауа келуі жалғасып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары