Синоптиктер еліміздің екі аймағында дауыл соғады деп болжауда

Написать нам
26 шілде, 2018, 09:13 2495
Синоптиктер еліміздің екі аймағында дауыл соғады деп болжауда

Қызылорда және Түркістан облыстарында дабылды ескерту жарияланды.

Қызылорда мен Түркістан облыстарында қатты жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

26 шілде күні таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауыл соғу мүмкіндігі – 95-100%,

Сондай-ақ, Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Дауыл соғу мүмкіндігі – 90-95%.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар