Синоптиктер қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Написать нам
01 қараша, 2018, 14:49 3268
Синоптиктер қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында аяз айтарлықтай сезілетін болады.

Алдын ала болжам бойынша қараша айында синоптикалық процесстердің жиі алмасуына байланысты күн-райы құбылмалы болып, аязды және жылы күндер алма кезек ауысып жауын-шашынды, ұйытқымалы жел соғып, жолдарда көктайғақ болады, түнде және танертен тұман күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында аяз айтарлықтай сезіледі, термометр бағанасы  солтүстік жартысында түнде 5...15 аязға дейін, күндіз 0...8 аязға дейін төмендесе, оңтүстік жартысында түнде 0...7 аязға дейін, күндіз 0...5 жылыны көрсетеді.

Екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында болжанатын екі суық толқын күтіледі.

Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуық, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында – нормадан 1°С төмен күтіледі.

Айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында мөлшерден аз, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда – тиісті мөлшерге сәйкес  күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар