Синоптиктер Қазақстанның батысында дабылды ескерту жариялады

24 қазан, 2018, 19:12 1560
Синоптиктер Қазақстанның батысында дабылды ескерту жариялады

Екі облыста жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.

Қазақстанның батысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"25 қазанда Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін күтіледі. Ақтау қаласында 25 қазанда желдің екпіні 18 м/с дейін күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, 25 қазанда Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Атырау қаласында 25 қазан күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с күшейеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар