Түркістан облысында дабылды ескерту жарияланды

12 желтоқсан, 2018, 12:58 1742
Түркістан облысында дабылды ескерту жарияланды

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Түркістан облысына дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ВNews.kz.

12 желтоқсанда күндіз, 13 желтоқсанда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Шымкент қаласында 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

"Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік аймағынан атмсофералық фронттармен қатар циклон жылжиды. Республика территориясы арқылы осы циклонның батыстан шығысқа жылжуы кезінде қар, оңтүстікте жаңбыр, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Күндізгі температура оңтүстік және оңтүстік-шығыста +3…+13°С градусқа дейін, солтүстік және шығыс облыстарда -3…-13°С градусқа дейін жоғарылайды, бұл климаттық нормадан 2…4°С градусқа жоғары", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Түркістан облысы #ауа райы #Қазгидромет

Читайте также

Похожие новости