Сыр өңірі Астана мерейтойына ғарыш мұражайын тарту етеді - Жаңалықтар | BNews

Сыр өңірі Астана мерейтойына ғарыш мұражайын тарту етеді

08 ақпан, 17:27 1611 Қызылорда облысы
Сыр өңірі Астана мерейтойына ғарыш мұражайын тарту етеді

Елорда төрінде салынатын ашық аспан астындағы музей 1,4 гектар аумақты құрамақ.

Астананың 20 жылдық мерейтойына Сыр өңірі ғарыш музейін тарту етеді, деп хабарлайды  BNews.kz  24.kz-ке  сілтеме жасап.

Жоспар бойынша Байқоңырдың бір бөлшегі Сарыарқа төсінде орналаспақ. Мұражайға "Зенит", "Союз", "Протон" зымырандарының макеті қойылады. Сондай-ақ орбитааралық "Боран" кемесі де көпшілік назарына ұсынылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті.

"Облыстық бюджеттен ақша бөлініп, жұмысты бастап жатырмыз. 1 шілдеге дейін орнатып, тапсыратын боламыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін "Ұлттық ғарыш орталығы" иесі болып табылатын "Ғарыш сапары" мекемесіне тапсырамыз", - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары