Сырдария маңындағы 56 қауіпті учаскені жүзден астам ұйым бақылап отыр

11 Января, 2019, 18:51 7527
Сырдария маңындағы 56 қауіпті учаскені жүзден астам ұйым бақылап отыр |  | BNews.kz

Қазіргі уақытта Қызылорда мен облыстың елді мекендерін су басу қауіпі жоқ.

Сырдария өзеніндегі ахуал Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялық орталығының  баспасөз-мәслихатында талқыланды. Елді мекендерін су басу қауіпі жоқ, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз-мәслихатына облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов, ҚР Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекцияның басшысы Әділхан Қарлыханов, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов, "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалы басшысының орынбасары Жорабек Ерназаров, "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жұлдыз Қалымбетова қатысты.

Сөз сөйлеушілер облыс аумағындағы қалыптасқан су тасқыны жағдайы туралы толық ақпарат берді.

Қазіргі уақытта Қызылорда мен облыстың елді мекендерін су басу қауіпі жоқ. Жағдай бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шаменов мәлім етті.

Қазіргі уақытта Шардара су қоймасынан су ағызу 800 текше м/сек құрайды, оның 400-і Көксарай су қоймасына төгіледі, қалғаны Сырдария өзенінің арнасына түседі.

Жалпы қала және аудандар бойынша өзен бойында 56 қауіпті учаскеде арнайы техникасы бар 111 жауапты мекеме бекітілген. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.

Сонымен қатар, солтүстік аудандарда Аралдан Қызылорда қаласына дейін Сырдария өзеніндегі мұздың қалыңдығы 20-40 см құрайды. Жақын арада синоптиктердің болжауынша ауа райының құбылмалы болуына байланысты облыста өзен суы деңгейінің артуы күтіледі. Алайда, жауапты қызметтердің өкілдері тәулік бойы мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылайды.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Сырдария өзенінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындап жатқаны, осыған байланысты ары қарай су деңгейінің көтерілуі және судың өзен жайылмасына шығуы мүмкін екендігін хабарлап, дабылды ескерту жариялаған болатын. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13855

Похожие новости