Сырдария жағасына құм төгіліп, тасқын қаупі сейілді - Жаңалықтар | BNews

Сырдария жағасына құм төгіліп, тасқын қаупі сейілді

08 ақпан, 15:43 1696 Қызылорда облысы
Сырдария жағасына құм төгіліп, тасқын қаупі сейілді

Сырдария өзені су деңгейінің көтерілу салдарын жою жұмыстары белсенді жүргізілуде.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде Сырдария өзеніндегі жағдай туралы айтып берді. Қазіргі таңда су деңгейінің көтерілу салдарын жою жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, өзен жағасына құм төгу арқылы тасқын қаупі сейілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Төтенше жағдайлар комитетінде атап өткендей, өзен арнасынан асып кетуіне мұз кептелісі себеп болған. Жеке тұрғын үйлер және басқа құрылыстар су астында қалған жоқ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов өзендегі су деңгейінің көтерілу салдарын жою үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.

"Жедел ден қою мақсатында хабарлама түскен сәттен бүгінгі күнге дейін төгіндіні жою және өзен жағасын нығайту жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардан 80 адам мен 16 бірлік ірі габаритті инженерлік техника, атап айтсақ экскаваторлар, бульдозерлер, жүк тиегіштер, камаздар жұмылдырылды", - деді Руслан Иманқұлов.

Қазіргі уақытта төгінділерге құм себілді, негізгі жерлердегі су ағындылары тоқтатылды.

"Тиісті қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда. Жақын жерлерде орналасқан елді мекендерді су басу қаупі жоқ", - деп сөзін толықтырды Руслан Иманқұлов.

Қазіргі уақытта жұмылдырылған күштер мен құралдар биіктігі 1 метр және ені 4-5 метр 1 300 метр құм төседі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қызылорда облысының Сырдария ауданында төтенше жағдай жарияланды. Өзен арнасынан асып, су ауыл шаруашылығы алқаптарына жайылды.

Алдын алу жұмыстарының күшейтілгеніне қарамастан, Қалжан ахун ауылы маңындағы қорғаныс бөгеті жарылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары