Сириядан қашып келген оралдық әйел «Ислам мемлекеті» құрамына қалай кіргенін айтып берді

07 желтоқсан, 2017, 13:43 2081 Батыс Қазақстан облысы
Сириядан қашып келген оралдық әйел «Ислам мемлекеті» құрамына қалай кіргенін айтып берді

29 жастағы әйел Сириядан қашып Оралдағы ата-анасына келді. Күйеуі Сириядан кете алмай, жалғыз қалған, деп хабарлайды BNews.kz Мой город ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

29 жастағы Дина (есімі өзгертілген) 2011 жылы үйінен қашып Пәкістанға аттанған. Ол елде сүйіктісімен үйленіп, 3 жыл тұрған.

Өзінің айтуынша, күйеуімен желі арқылы танысады. Заңсыз шекара асып, Қазақстаннан Түркияға кетеді. Екі қызы өмірге келген соң, ғаламтор арқылы видеороликтерден Сириядағы жағдайды көреді. Онда барлығы жақсы болып көрінген, адамдар шариғат заңымен өмір сүретіндігі бейнеленген. 2015 жылы  халифат құрылды дегенде отбасымен бірге Сирияға аттанған.

«Сирияда жүргенде екі қызымды өмірге әкелдім. Онда біз ойлағандай болмады. Адамдар ол жақта шариғат заңымен өмір сүрмейді. Ұнамаса қайта кетуге болады деген. Бірақ оның бәрі жалған. Бір барған соң кері қайту мүмкін емес. Бізге уәде берген ақшаны бермеді. Соңғы рет тек 30 доллар ғана берді. Ол ешнәрсеге жетпейді», – дейді Дина.

Дина Оралдағы ата-анасына қалай жеткені туралы айтып берді.

«Сириялық бір азамат әйелдерге кетуге болатын жолды нұсқады. Бірнеше әйел болып күрдтерге барып, берілетінімізді айттық. Ол жерден Ресейге алып кетті. Ресейден Оралға ата-анама келдім», – дейді әйел.

Динаның айтуынша, күйеуі әлі де Сирияда. Ер адамдардың ол елден кетуі қиын. Егер отбасының қашып кеткенін білсе, оны өлтіреді. Әйел өзінің де, күйеуінің де жауынгерлік соғысқа қатыспағанын айтты.

Сирияда дүниеге әкелген екі қызынан бөлек, Динаның Оралда да қалған балалары болған. Қазір көп балалы ана құжаттарын рәсімдеп, балаларын мектепке, балабақшаға апармақ. Көп балалы ананы Сирияда болғаны үшін жауапқа тартпайды.

Еске сала кетейік, кәмелеттік жасқа толмаған 4 баласы бар 29 жасар қазақстандық Сириядан Грозныйға жеткізілгендігін ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеген болатын.

Алдын Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Сирияда тұтқында болған әйелдер мен балалардың Ресейге қайтарылған видеосымен бөліскенін хабарлаған болатынбыз.

Шешенстан басшысының хабарлауынша, соғыс алаңына айналған Сирия және Ираннан 48 адам шығарылған, олар Ресей мен ТМД елдерінің азаматтары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар