Сіздің алдыңызда қарыздарымды ешқашан өтей алмаспын – Қайрат Нұртас анасы туралы - Жаңалықтар | BNews

Сіздің алдыңызда қарыздарымды ешқашан өтей алмаспын – Қайрат Нұртас анасы туралы

26 ақпан, 17:56 847
Сіздің алдыңызда қарыздарымды ешқашан өтей алмаспын – Қайрат Нұртас анасы туралы

Әнші Мальдив аралдарынан өзінің ата-анасына алғысын жолдады.

25 ақпанда Қайрат Нұртас 29 жасқа толы. Туған күнінде ол өмір сыйлаған ата-анасына алғысын білдірді. Әкесі мен анасына деген сезімі туралы қазақстандық әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Анашым! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді – ол менің анам. Анашым мені дүниеге алып келгеніңізге, Сіздің ұлыңыз болғаныма Аллаға мың да бір шүкір. Сіздің алдыңызда қарыздарымды ешқашан өтей алмаспын! Маған деген маxаббатыңызды, қамқорлығыңызды дүниеге келген күннен сезініп келем. Қаншама қателігімді кешіріп, жоғымды жасырып, барымды асырып, мен үшін отқа да, суға да түстіңіз. Менің әрбір жетістігім – ол Сіздің еңбегіңіз. Әкем екеуіңіз маған дұрыс тәрбие бергендеріңізге алғысым шексіз", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ, ол дұрыс тәрбие бергені үшін әкесіне алғыс білдірді. Әншінің айтуынша, әкесі оған ата-ананың ғана емес, бүкіл халықтың ұлы болу керектігін үйреткен.

"Ананың, әкенің, бауырдың,баланың,xалықтың қадірін білуді Сіздерден үйрендім. Жаратқан Сіздерге жәннәтты бұйыртсын! Анашым, әкешім! Мен Сіздерді шексіз сүйем. Алладан амандықтарыңызды, ұзақ өмір сүрулеріңізді сұраймын. Әрбір ренжіткен сөзіме, көңілдеріңізге қаяу түсірген күндеріме кешірім сұраймын", - деп атап өтті Қайрат Нұртас.  

Айта кетейік, қазақстандық эстрада жұлдызы жұбайымен Мальдив аралдарында демалып жүр. Қайрат Нұртас пен оның жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова үйленгендеріне он жыл толғанын тойлаған болатын. Олар демалып жүріп фотосессия ұйымдастырды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары