Сіздің жеңісіңіз сенімнің дәлелі болып саналады – Назарбаев Меркельді құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Сіздің жеңісіңіз сенімнің дәлелі болып саналады – Назарбаев Меркельді құттықтады

15 наурыз, 2018, 11:33 2745 Астана
Сіздің жеңісіңіз сенімнің дәлелі болып саналады – Назарбаев Меркельді құттықтады

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады.

"Өткен парламенттік сайлаудағы жеңісіңіз – Германия азаматтарының Сізге, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасының Еуропадағы және әлемдегі орнын нығайтуға, еліңіздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған саясатыңызға деген сенімінің дәлелі.

Сіздің басшылығыңызбен Германияның жаңа Федералдық үкіметі Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі деп сенемін.

Сізге осы жауапты қызметте табыс тілеймін, сондай-ақ барша Германия халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар