«СК-Фармация» дәрілер сатылымы бойынша онлайн режимде тендер өткізеді - Жаңалықтар | BNews

«СК-Фармация» дәрілер сатылымы бойынша онлайн режимде тендер өткізеді

15 қараша, 10:48 1922 Астана
«СК-Фармация» дәрілер сатылымы бойынша онлайн режимде тендер өткізеді

 

Тендер уақыты 24 қараша және 4 желтоқсанға белгіленіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

«СК-Фармация» ЖШС-нің 2018 жылға арналған дәрілер сатылымы тендерін онлайн режимінде www.sk-pharmacy.kz сайтынан көруге болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бұл келесі жылы дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы жабдықтарды сатып алу бойынша өтетін тендерлік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді делінген.

Бұдан басқа, онлайн тәртіпте тендерлік өтінімдерге қосымшалары бар конверттерді ашу рәсімі – 24 қарашада, тендерлік рәсімдердің ақтық кезеңі  аукционға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің  бағаны төмендету рәсімі –  4 желтоқсанда өтеді.

Біріңғай дистрибьютордің Facebook ресми аккаутында тендерлік және сараптамалық комиссия отырыстарының күн сайынғы фотоесебі жарияланып отырады. Тұрақты түрде тендер өткізіліп жатқан  залдағы жағдайдың барлығына видео түсірілім жасалады. Ол бірыңғай дистрибьютордың мұрағатында сақталады.

Біріңғай дистрибьютердің тендерлік комиссия жұмысына тендерлік комиссия құрамына енген  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және салалық құрылымдық бөлімшелер өкілдері, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова, Фармация комитетінің, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің және медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің өкілдері қатысады.

Бақылаушылар ретінде отырыстарға «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы»  бас директорының бірінші орынбасары Арнұр Нұртаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, сондай-ақ, салалық  қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әсемгүл Ержанованың сөзінше, Біріңғай дистрибьютер сайтында  ағымдағы тендерге арналған арнайы бөлім бар.

«Ол жерде нақты уақыт тәртібінде толықтыруларды ашу рәсімдерін және аукционды бақылап, тендерлік комиссияның барлық отырыстарын, өткен шаралардың бейнежазбаларын қарауға болады», - деді «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

2018 жылға арналған сатып алу бөлімінде 2018  жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға қатысты сұрақ қойып, кез-келген мәселе бойынша үндеу қалдыруға болады.

«Бұл шаралардың барлығы біздің сатып алу рәсімдеріміздің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қызығушылық танытқан барлық тараптар  тендерлік рәсімдерді онлайн тәртіпте қарап, шешімдердің қалай және не себепті қабылданып жатқандығын қадағалап, олардың бейтараптылығына және әділдігіне көз жеткізе алады», - деді Әсемгүл Ержанова.

Жуырда бірыңғай дистрибуция жүйесі бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды  сатып алу бойынша тендерлік рәсімдердің басталған. 20 қарашаға дейін тендерлік комиссия өтінімдермен танысып, ұсынылған құжаттамаларға ескертулер жасайды, содан  кейін компанияларға оны түзетуге мүмкіндік беріледі.

Тендерде жалпы сомасы 82,4 млрд теңгенің  484  атауы жарияланған.

Естеріңізде болса, «СК-Фармация» ЖШС басқарма басшысы Максим Касаткинмен өзге де адамдарға қатысты бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын. Тергеу жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары