СҚО әкімі жергілікті құрылыс жұмыстарын сынға алды

25 Июля, 2018, 09:55 1927
СҚО әкімі жергілікті құрылыс жұмыстарын сынға алды |  | BNews.kz

СҚО-да әлеуметтiк нысандар мен баспананың құрылысына бөлiнген қаржы 7 млрд теңгеге көбейдi.

Бұл жайында СҚО әкiмдiгiнiң отырысында құрылыс басқармасының басшысы Серiк Мұхамедиев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қөызметіне сілтеме жасап.

2018 жылы бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтiк қамтамасыз ету нысандары мен баспана салуға, инженерлiк желiлердiң құрылысына 18,8 млрд теңге қарастырылған. Былтыр осы бағытқа 12 млрд теңге бағытталған болатын. Дегенмен, облыс орталығындағы құрылыс қарқыны көңiл көншiтпейдi. Өңiр басшысы құрылыс компаниялары асығатын емес дейдi.

"Бiз уақытты бағаламаймыз. Кеше кешке барлық нысандарды аралап шықтым, ешкiм жоқ. Сегiз ай күтiп, жаздың келуiн тосамыз. Алайда, кешкi алтыдан кейiн құрылыс алаңдарында жұмыс тоқтап қалады. Астанаға қараңыздаршы, бас қаламызда күнi-түнi жұмыс қызған", - дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтамаған компанияларға қомақты айыппұл салынып, қара тiзiмге ілінетіні туралы айтты.  Петропавл әкiмi барлық көпқабатты үйлердi уақтылы салып бiтiремiз деп уәде бердi.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости