СҚО-да боранды күні жоғалған жас мұғалім іздестірілуде - Жаңалықтар | BNews

СҚО-да боранды күні жоғалған жас мұғалім іздестірілуде

СҚО-да боранды күні жоғалған жас мұғалім іздестірілуде

Аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы шұғыл режимде жұмыс істеп жатыр. Олармен бірге ІІД, ТЖД, әкімдік қызметкерлері екі күн қатарынан СҚО-ы Уәлихан ауданы Береке ауылының 20 жастағы тұрғынын іздеуде, деп хабарлайды BNews.kz Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жас жігіт 11 қаңтар күні сағат 12.30-да мектептен шығып кеткен. Ол үйіне бара жатқанда адасып, ауылдасының үйіне тоқтайды. Бірақ мұғалім жігіт қарлы боранға қарамастан, үйіне жетіп алғысы келеді. Бірақ екі күн өтсе де, әлі табылмады.

Аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Марат Әлжановтың айтуынша, еріктілер де іздеуге көмектесіп жатыр. Тіпті, көрші Ақмола облысының ІІД қызметкерлері де жақын маңдағы ауылдардан көмектесіп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар