СҚО-да депутаттар ауыл тұрғындарымен кездесті

06 тамыз, 2018, 12:15 1781 Солтүстік Қазақстан облысы
СҚО-да депутаттар ауыл тұрғындарымен кездесті

Солтүстік Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенатының депутаттары Ерік Сұлтанов және Ольга Перепечина Қызылжар ауданының тұрғындарымен жүздесті.

Бәйтерек ауылындағы жаңа мектепте өткен кездесуге елді мекеннің тұрғындары жиналды. Депутаттар Парламент Сенатының жарты жылдық жұмыс нәтижесі жайында айтып, қабылданған заңдарына енгізілген өзгерістермен таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сенат депутаттарының айтуынша, 86 заң қабылданып, 46 заң жобасы қарастырылып жатыр. Жиын барысында ауыл тұрғындары депутаттарға сұрақтар қойып, ұсыныс білдіруге мүмкіндік алды.

Ауылдағы басты мәселелерінің бірі, 2014 жылы құрылысы басталған мешітті қолданысқа енгізу үшін қаражаттың жоқтығы. Қазір ғимараттың құрылысы 60-75 пайызға орындалған. Ерік Сұлтанов демеушілерді тауып, жыл соңына дейін нысанды қолданысқа енгізуде септесетініне уәде берді. Ауыл тұрғындары мүмкіндікті пайдаланып, халық қалаулысынан елді мекенде балабақша, мәдениет үйі мен спорт нысандарын тұрғызуда қолдау көрсетуін сұрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар