СҚО-да колония қызметкерлері жол апатына түскен қызға көмек көрсетті

15 Января, 2019, 09:58 1822
СҚО-да колония қызметкерлері жол апатына түскен қызға көмек көрсетті |  | BNews.kz

Қазіргі уақытта зардап шеккен қыздың жағдайы бір қалыпты, емханадан шыққан.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында колония қызметкерлері жол апатына түскен қызға көмек көрсетті. ЕС-164/8 мекемесінің қызметкерлері күндіз жол-көлік апатына ұшырап, салдарынан зардап шеккен оқиғаның куәгері болды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Қауіпсіздік мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері көліктерімен жолды жауып, тез арада апаттан зақымданған 13 жасар қызға бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан соң қызды Айыртау орталық аудандық емханасына жеткізді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккен қыздың жағдайы бір қалыпты, емханадан шыққан.

Апатқа жол беріп, оқиға орнынан кетіп қалған жеңіл автокөлік жүргізушісін құзыретті органдар анықтап жатыр.

ЕС-164/8 мекемесінің қызметкерлері алғыс жариялауға ұсынылды. 

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13983

Похожие новости