СҚО-да мұражайдың экскурсия жетекшілері сайысқа түсті - Жаңалықтар | BNews

СҚО-да мұражайдың экскурсия жетекшілері сайысқа түсті

СҚО-да мұражайдың экскурсия жетекшілері сайысқа түсті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Петропавл қаласындағы Абылайхан резиденциясында мұражайдың экскурсия жетекшілерінің IV облыстық сайысы өтті.

Сайысты Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Нұрмұқанова ашты, деп хабарлайды BNews.kz.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында халықтың тарихи құндылықтарын, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті. Мұражай – бізден кейінгі ұрпақ ата-бабаларының, өмір сүріп жатқан өлкесінің тарихымен таныса алатын, өткен заманның таңғажайып атмосферасына ене алатын орын.                                                                   

Оның сөзіне қарағанда, сайысқа қатысу – өз жаңалықтарыңды, жетістіктеріңді көрсетуге, шығармашылық және шеберлік сырларыңды ашуға, өзіңе ниеттес жандарды табуға, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға жету үшін шабыттануға мүмкіндік береді.

Сайыс мұражай ісі мәртебесін, мұражайдың экскурмия жетекшісінің рөлін, заманауи қоғам мәдениетіндегі мұражай маңыздылығын, тарихи құндылықтарды сақтау ісін, сондай-ақ еліміздің тіл саясатын қолдау және тәжірибе алмасуды арттыру мақсатында өткізілді. Сайыс соңында экскурсия жетекшілерін «Сырымбет – қасиетті қара қоныс» атты квест ойынының шеберлік класы көрсетілді.

Сайысқа облыстың әртүрлі ауданынан келген 11 экскурсия жетекшісі қатысты. Сайыста үш айналым болды: «Визит карточкасы», «Жаңалықтар. Оқиғалар. Адамдар» және «Экспромт». Сайысқа қатысушылар нақты материалдарды ғана біліп қоймай, сонымен қатар үш тілді меңгергендіктері қажет болды.

І-орынды «Абылайхан резиденциясы» мұражайының экскурсия жетекшісі Назгүл Бейсембина иеленді.

 «Біз – экскурсия жетекшілері тарихты сақтаушылармыз. Жалықтыратын дәрістерді өте қызықты әңгімелерге айналдырамыз. Біздің арқамызда көңіл аударарлық заттар естеліктерге айналады», - деп ол өз ойын білдірді.  

Ш. Уалиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының экскурсия жетекшісі Елена Коровина ІІ-орынды, ал облыстық тарихи-өлкетанымдық мұражайының қызметкері Жансұлу Бекенова ІІІ-орынды иеленді.

«Мамандығына адалдығы үшін» номинациясы бойынша Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті мұражайының экскурсия жетекшісі Лаура Амринаға диплом табысталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары