СҚО-да тіс дәрігері "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 млн теңге алды

11 Января, 2019, 10:35 6820
СҚО-да тіс дәрігері "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 млн теңге алды |  | BNews.kz

Жылдық 14% үлеспен несиенің сомасы 6 000 000 теңгені құрады, оның 7%-ын мемлекет аталған бағдарлама аясында субсидиялайды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан орталығында заманауи үлгідегі "Dentis" атты жаңа стоматологиялық орталық ашылды, деп хабарлады "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры.

Бұл саланың жекеменшікке өтуі алдыңғы қатарлы технологиялардың енгізілуіне септігін тигізеді. Өзара бәсекелесетін емханалар өз кабинеттерін бір-бірінен асыра жабдықтап, ұжымдағы дәрігерлердің біліктіліктерін арттыруға тырысады.

Дәл осылай 20 жылдық еңбек өтілі бар стоматолог дәрігер "Dentis" ЖШС-ның директоры Мұрат Хамзин қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында Новоишимское ауылында аумағы 100 шаршы метрді алатын стоматологиялық орталықты өз қаражатынан салған.

Ішкі жөндеу жұмыстарын жасау және қажетті қымбат тұратын медициналық жабдықтарды сатып алу үшін ол Петропавл қаласында орналасқан "Банк Центр Кредит" АҚ филиалына жеңілдікпен несие алуға жүгінді. Аталған жоба "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ тарапынан да қолдау тапты. Жылдық 14% үлеспен несиенің сомасы 6 000 000 теңгені құрады, оның 7%-ын мемлекет "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялайды.

Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында стоматологиялық орталықта 4 жаңа жұмыс орны ашылады. Орталықтың негізгі қызметі: ортопедиялық стоматологиялық қызмет көрсету, терапевтілік стоматологиялық қызмет көрсету және хирургиялық стоматологиялық қызмет көрсетуді қамтиды. Жеңілдікпен қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасымен қатысқысы келетін кәсіпкерлер үшін "Даму" қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамадарымен құжаттарды жинау бойынша көмек көрсетіледі, сонымен қатар банкілерге өтініш жасап, банк шешімін алғанға дейін жобаларды ілестіру бойынша жұмыстар атқарылады. 

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости