СҚО-да жылыту маусымына дайындық барысы тыңдалды - Жаңалықтар | BNews

СҚО-да жылыту маусымына дайындық барысы тыңдалды

СҚО-да жылыту маусымына дайындық барысы тыңдалды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қыркүйектiң басында облыс жылыту маусымына дайын болуы шарт екенін айтты.

Облыстық әкiмдiктiң отырысында қысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы СҚО әкiмiнiң орынбасары Антон Федяев баяндады, деп хабарлайды  BNews.kz тілшісі.

"СевКазЭнерго" АҚ 2-шi ЖЭС биыл жөндеу жұмыстарына 4 млрд. тг. бағытады. Облыстағы 446 қазандықтың 376-сы кезектi маусымға дайын. 646 бiлiм ошағының 461-i, 582 денсаулық сақтау мекемесiнiң 480-i сақадай сай", - деді Антон Федяев

"Петропавл Жылу Желiлерi" ЖШС 2018 жылы 12 шақырымға созылған жылу құбырын қайта жаңғыртып, жөндеудi көздеген. Жұмыс жоспарға сай жүргiзiлуде. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов компанияның басшысы Виктор Рыбасқа былтырғы олқылықтарды қайталамауды сұрады.

"Былтыр жазғы маусым кезiнде жөндеу жұмыстары өте сылбыр жүргiзiлдi. Кейбiреулер күз ерте келдi дейдi. Мәселе онда емес. Бiз жоспарға сай жұмыс жасауымыз керек. Биыл қыркүйек айында ауа райы күрт суытса, не iстейсiздер? Сондықтан, 1-шi қыркүйекке дейiн барлық жоспарланған жұмыстарды аяқтау қажет", - дедi Құмар Ақсақалов.

Антон Федяевтың айтуынша, биыл бюджеттiк ұйымдарға қажет көмiрдiң көлемi 141 мың тоннаны құрайды. Барлық көлем темiр жол стансаларына жеткiзiлiп, қазiр ұйымдарға таратылу жұмыстары жүргiзiлуде. Тұрғындардың көмiрге деген сұранысы 364 мың тонна. Осы күнге дейiн жеке үйлердiң иелерi 80 мың тонна көмiрдi сатып алды.

Өңiр басшысы бұл бағытта аудан әкiмдерi көмiрдi жеткiзу процесiн күн сайын қадағалап, тұрғындармен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу керек дедi.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: