СҚО-да Геннадий Зенченконың немересi цифрлық сүт фермасын ашты

16 Декабря, 2018, 16:58 3026
СҚО-да Геннадий Зенченконың немересi цифрлық сүт фермасын ашты |  | BNews.kz

Қазақстанның Еңбек Ерi Геннадий Зенченконың немересi Иван Зенченко еліміздің Тәуелсiздiгi күнi қарсаңында СҚО-ның шалғай ауылында заманауи сүт фермаларын ашты.

ҚР Тәуелсiздiгi күнi қарсаңында Солтүстiк Қазақстан облысында заманауи сүт фермалары ашылды. Қазақстан бойынша 10 сүт-тауар фермасы ашылса, оның төртеуi СҚО-да iске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аққайың ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов "Иван Зенченко" ЖШС-нiң заманауи сүт фермасына барды. Бұл ферманы Қазақстанның Еңбек Ерi Геннадий Зенченконың немересi Иван Зенченко салды. Иван Зенченко өзiнiң атасының жолын қуып, еңбек династиясын жалғастыруда. Бұл ферма толық автоматтандырылған, соңғы үлгiдегi цифрлы технологиялар енгiзiлген. Бұның барлығы күнiне 10 тонна сүт өндiруге мүмкiндiк бередi.

Осындай сүт кешендерi барлық аудандарда ашылуы керек. Құмар Ақсақалов осындай мақсат қойып отыр.

"Президент экономиканы цифрландыру бойынша тапсырма жүктеген болатын. Елiмiздiң басты мерекесi қарсаңында облыс бойынша соңғы үлгiдегi 4 сүт фермасын ашып отырмыз. Бұл цифрлы кешендер. Қазақстан бойынша 10 сүт кешенi ашылса, оның төртеуi бiздiң облыста. Жылына бiз 3-4 сүт фермасын салып, iске қосамыз", - дедi Құмар Ақсақалов.

Сапар барысында облыс әкiмi Рублевка селосындағы жаңартылған мәдениет үйiне барды. "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында "Иван Зенченко" серiктестiгi мәдени нысанды күрделi жөндеуге қаражат бөлдi. Мәдениет үйiнде өңiр басшысы мерекелiк концерттi тамашалап, Аққайың ауданының жұртшылығымен кездестi. Құмар Ақсақалов Иван Зенченкоға атқарған жұмыстары үшiн алғысын бiлдiрдi.

"Иван Зенченко атасының жолуын қуып келедi. Оған қалада, жылы жерде тұруға болар едi. Бiрақ ол күнi-түнi мал шаруашылығы және егiстiкпен айналысуда. Адамдарға көп жақсылық жасауда. Президент адами капиталды дамытпай, бизнестiң өрге жүзпейтiнiн айтып отырады. 15 жылдан соң қайта жаңартылған мәдениет үйi адамдарға деген қамқорлықтың айғағы. Ендi мәдениет үйi ауылдықтарға шығармашылық пен рухани жаңғырудың орталығына айналады", - дедi Құмар Ақсақалов.

Иван Зенченко болашақта Рублевка ауылында заманауи спорт кешенiн тұрғызуды жоспарлап отыр.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости