СҚО-дағы сотталған әйелдер салған суреттер халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды - Жаңалықтар | BNews

СҚО-дағы сотталған әйелдер салған суреттер халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды

05 наурыз, 2018, 17:19 1561 Павлодар облысы
СҚО-дағы сотталған әйелдер салған суреттер халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды

Мәсукеуде өткен халықаралық көркем өнер байқауында Петропавл қаласында жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер жүлделі орындарға ие болды.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар арасында олардың түзелуіне бағытталған іс-шаралар кешені тұрақты түрде өткізіліп отырады. Оның ішінде жазасын өтеушілердің адамгершілік-эстетикалық тұрғыдағы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІД ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Петропавл-Булаев епархиясының өкілі Солтүстік Қазақстанда орналасқан ЕС-164/6 мекемесіне кезекті рет барғанда, сотталғандардың көркем шеберлігіне назар аударып, олардың салған суреттеріне ерекше таңданыс білдіреді. Дін өкілі осы суреттерді халықаралық проваславты көркем сурет байқауына қатысуға ұсынады және ол ұсыныс өңірлік ҚАЖ департаментінің басшылығының қолдауына ие болды", - дейді СҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Әділет Мустафинов.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі байқауға қатысқан үш өнерпаздың шығармашылықпен айналысуына барлық жағдайды жасады. Үздік деп танылған жұмыстарды Мәскеу қаласында өткен Қазақстан, Ресей, Беларус және өзге де елдің өнерлі адамдары қатысқан халықаралық байқауға дін қызметкері Серафимнің өзі апарды.

Қазақстандық жазасын өтеуші әйелдердің туындылары байқауды ұйымдастырушылардың, православты шіркеу қызметкерлер мен кәсіби суретшілер тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-дәрежелі жүлделі орын Қазақстан Республикасы бойынша ЕС-164/6 мемлекеттік мекемесіне, ал бірінші орын Құдай ана бейнесіндегі "Мейірім" (Умиление) иконасының авторы В.Оксанаға бұйырды.

Жақында ЕС-164/6 мекемесінде байқаудың жеңімпаздарын марапаттау туралы бұйрықты салтанатты жағдайда Серафим әкей оқыды. Ол жазасын өтеушілерге халықаралық байқаудың грамотасы мен бағалы сыйлықтарын табыстап, барлық әйелдерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар