Словенияда Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандық батырды еске алды

23 қазан, 2018, 10:15 1097
Словенияда Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандық батырды еске алды

Еске алу шарасы аясында батырдың қабіріне тақта орнату рәсімі өтті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Словения Республикасының Повир селосында словениялық партизандардың жағына шығып, басқыншылармен шайқасуда өз өмірін қиған қазақстандық батыр "Кассе Себероны" еске алуға арналған шара өтті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Словенияға жерлесімізді еске алуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының (қосымша жұмыс жөніндегі) елшісі, Словениядағы Ресей Федерациясының елшісі, Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің әскери атташесі, Сежан қаласының мэрі мен вице-мэрі, Повир селосының басшысы келді.

Еске алу шарасы аясында "Жарықтан жатсаң да - өшпес ерлігің еліңнің жадында" сөзі жазылған батырдың қабіріне тақта орнату рәсімінен басталды және Қазақстанның Ұлттық Пантеонынан әкелінген жермен бірге капсула салынды. 

Іс-шара аясында жергілікті тұрғындарға Астананың 20 жылдығына арналған фотокөрме, "Жау жүрек, мың бала" фильмінің көрсетілімі ұсынылды. Соңында еске алу кешкі асы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, сапар шеңберінде қазақстандық делегация кеңестің азат етуші жауынгерлері мен Трново кентіндегі словениялық партизандардың мемориалына гүл шоқтарын қойды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар