Сөгіс алған ҰЭМ қызметкерлері сыйақыдан айырылады

13 қараша, 2018, 15:21 1636 Астана
Сөгіс алған ҰЭМ қызметкерлері сыйақыдан айырылады

Ведомствоның мәліметінше, ақшалай сыйақы айтарлықтай жоғары соманы құрайды, әсіресе жыл соңында.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сөгіс алған қарамағындағылар – вице-министр Жұманғарин мен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Майтиевке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Олар жұмыстарын жалғастыра береді. Өз жұмыстарының мамандары. Әрине, олардың соңына дейін жеткізбеген істері бар. Бұл, шын мәнінде, мемлекеттік қызметкер үшін ауыр", - деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысынан кейін. 

Министрдің сөзінше, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мен ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиев барлық сыйақыдан айырылады.

"Ақшалай сыйақы айтарлықтай жоғары соманы құрайды, әсіресе жыл соңында. Ал екі рет сөгіс алса, жұмыстан шығарылады. Оларға "қатаң ескерту" жасалды. Егер қызметкер сөгіс жариялауға себеп болған қателіктерді түзетсе, ол алып тасталады. Алайда қазір қаржылық тұрғыдан алып қарағанда, бұл айтарлықтай қиын жағдай", - деп сөзін түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады. Сондай-ақ, Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігінің Монополияға қарсы комитеттің оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын тәртіпке келтіруін қолдайтынын атап өтті.

Бұған дейін Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етіп, тариф саласында орын алған кемшіліктерге байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар