Солтүстiк Қазақстанда 130 отбасы баспаналы болды

30 қараша, 2018, 15:09 2464 Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстiк Қазақстанда 130 отбасы баспаналы болды

Петропавлда 96 пәтерлiк тұрғын үй қолданысқа берiлдi.

ҚР Тұңғыш Президентi күнi қарсаңында Солтүстiк Қазақстан облысында 40-қа жуық әлеуметтiк маңызы бар нысандар ашылды, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жүз шақты солтүстiкқазақстандық қоныс тойын тойлады. Петропавл мен Қызылжар ауданының тұрғындары "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлерге ие болды.

Петропавлда 96 пәтерлiк тұрғын үй қолданысқа берiлдi. Үйдiң ашылу рәсiмiне СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов қатысып, қоныс иелерiне пәтер кiлттерiн табыстады.

"Бүгiн облыста мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, әлеуметтiк саласында 40 нысан ашылып жатыр. Бүгiн "Береке" ықшам ауданында 100 отбасы жаңа пәтерге ие болуда. Бiз елiмiзде құрылыс қарқыны бойынша үздiктердiң қатарындамыз. Биыл облыста 1600 тұрғын қоныс тойын тойлайды", - дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Баспанаға кезекте тұрған азаматтар "сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй" бағыты бойынша алды. Аталмыш бағыт көпбалалы және толық емес отбасылар, жетiмдерге, мүгедектерге және басқа да топтарға арналған.

Құмар Ақсақалов пәтер кiлтiне ие болған қала тұрғындарының шаңырақтарына келіп, қоныстоймен құттықтады.

Мереке қарсаңында Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде де 30 пәтерлiк тұрғын үй қолданысқа берiлдi. Қызылжарлықтарға пәтер кiлттерiн салтанатты түрде өңiр басшысы Құмар Ақсақалов табыс еттi. Баспанаға көп балалы және толық емес отбасылар, жетiмдер ие болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар