Солтүстiк Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақылдар жиналды

16 қараша, 2018, 12:07 3038
Солтүстiк Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақылдар жиналды

Бір гектардан 10 центнерге дейiн өнім алынған.

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында майлы дақылдарды жинау науқанының қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды  BNews.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Солтүстiк өңiр егiстiк алқаптарын әртараптандыру саласында көш басында келедi. Биыл диқандар 1 млн. га жуық аумаққа майлы дақылдарды ектi. Бұл елiмiздегi жер көлемнiң 36 пайызы.

СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметi бойынша, биыл 931 мың тонна майлы тұқым қамбаға бастырылды. Гектар берекелiгi 10 центнерге дейiн жетiп отыр.

Рапс, зығыр және күнбағыс өсiру — жоғары табысты бизнес. Биыл майлы дақылдардың бағасы өстi. Рапстың тоннасы 133 мың теңге, былтыр 127 мың теңгенi құраған болатын. 1 тонна зығыр үшiн 105 мың теңге сұрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 15 мың теңгеге қымбат. Күнбағыстың бағасы 110 мыңнан 115 мың теңгеге дейiн жеттi. Бұл iшкi нарықтағы құны, экспорттық баға одан да жоғары.

"Егiстiк алқаптарын әртараптандыру бағыты дұрыс. Биыл майлы дақылдар алқаптарын 976 мың гектарға дейiн жеткiздiк. Жақсы өнiм жинадық. Майлы дақылдардың бағасы өстi. Тиiсiнше, түсiм мен еңбек өнiмдiлiгi артады. Майлы дақылдар бидайға қарағанда 2,5 есеге қымбат", - дедi облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар