Соңғы 70 жылда адамзаттың орташа жасы 23 жылға ұлғайды – Президент - Жаңалықтар | BNews

Соңғы 70 жылда адамзаттың орташа жасы 23 жылға ұлғайды – Президент

17 мамыр, 12:56 3251 Астана
Соңғы 70 жылда адамзаттың орташа жасы 23 жылға ұлғайды – Президент

Елбасы Астана экономикалық форумы-2018 барысында зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құрастыру қажет екендігіне тоқталды.

Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құрастыру қажет. Олар жаңа демографиялық ақиқатқа сәйкес келуі керек. Бұл туралы Астана экономикалық форумы-2018 барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Үшінші мегатрнед – жершары халқы санының қарқынды өсуі. Соңғы онжылдықтағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері адам баласы өмірінің орташа ұзақтығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы 70 жылда адамзаттың орташа жасы 23 жылға дейін ұлғайды, яғни 48-ден 71 жылға дейін. Қазақстанда бұл көрсеткіш тәуелсіздік жылдарында 7 жылға – 65-тен 72,5-ке дейін өсті және бүгінгі күні орташа әлемдік деңгейден асып отыр. Ұзақ өмір сүру индустриясы әлем экономикасының маңызды бөлігіне айналды. Алайда, жедел демографиялық өзгерістер оның көптеген ілеспе мәселелерін де шешуді талап етеді", - деді Президент.

Елбасы ғасыр ортасында 100 миллиард адамды азықпен қамтамасыз ету үшін әлем бойынша бүгінгі күнгіден 60% көп тамақ өндіру керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл негізгі қорлардың, соның ішінде, тұщы су жетіспеушілігі есебімен алғанда оңай шаруа емес.

"Бүгінгі күні эконмиканың жоғары технологиялы салаларының бірі болуы тиіс агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі, ресурстық тиімділігінің айтарлықтай өсімі қажет болады. Қазақстанда заманауи жетістіктерді пайдалану, агрокешендегі еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсаты алған қойылған. Халықтың қартаюының артуымен байланысты туындаған кезекті сын-тәуекелдің бірі – бұл зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құрастыру. Олар жаңа демографиялық ақиқатқа сәйкес келуі керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, АЭФ барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық өзгерістер салдарынан туындап отырған процестердің сипатын жершары дамуының 5 басты мегатренді арқылы атап көрсетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары