"Сот кабинеті" қызметі арқылы арыздың тағы бір түрін жолдауға болады

25 шілде, 2018, 16:21 1786 Астана

Өтінішхатты беру үшін осы сервиске тіркеліп, өтініштің электронды формасын толтырып, оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.

"Сот кабинеті" сервисін дамыту аясында Жоғарғы Сот электронды түрдегі арыздың тағы бір түрін - "Заңды күшіне енген сот актісін/сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс енгізу жөнінде өтінішхатын" іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz Жоғары Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, пайдаланушы жоғары сот органы Төрағасының атына заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы ұсыныс енгізу жөнінде өтінішхат беру мүмкіндігіне ие болды. Функционал азаматтардың біршама уақытын және қаржылық шығындарын үнемдейді. Сондай-ақ, кез келген ыңғайлы уақытта арыздың статусын көруге және оның қаралу барысын қадағалап отыруға болады.

Өтінішхатты беру үшін "Сот кабинеті" сервисіне тіркелу, өтініштің электронды формасын толтырып, оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.

Уақыт талабына сәйкес Жоғарғы Сот жаңа – мобильді, интерактивті пайдалануға қолайлы сервистерді енгізе отырып, сот төрелігін жүзеге асыру процесіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу бойынша толық масштабты іс-шаралар өткізуде. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс сот жүйесінде бірнеше жыл бойы жүргізілуде, бұл сот ісін жүргізу процестерін ақпараттандыру мен автоматтандырудың оңтайлы жолдарын және тиімді әдістерін ойлап табуға мүмкіндік берді.

Сот жүйесіне деген сенімді арттыру және оның жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын дамыту бойынша қадамдардың бірі "Сот кабинеті" сервисін іске қосу болды. Онда электронды өтініштердің 60-тан астам түрін жолдау бойынша функционалдар іске асырылды.

Қазіргі уақытта тіркелген пайдаланушылардың саны 240 мыңнан астам. Бұл өткен жылдан 2 есе көп. Қазір сервис арқылы соттарға 91%-дан астам азаматтық талап-арыздар жолдануда.

Азаматтар жауаптарының талдауы сервистің адвокаттар мен өкілдер жұмысының тиімділігін арттыратынын, азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтудың практикалық құралы ретінде қызмет ететіндігін куәландырады. Бұл, ең алдымен, "Сот кабинетінің" соттардың қызметіне қатысты барлық рәсімдік мәселелердің түсінігін беретіндігімен, оларды нақты реттеуімен және барлық құжаттарға уақытылы қолжеткізуді қамтамасыз етуімен байланысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар