"Сотсыз татуласу орталығы" ашылды - Жаңалықтар | BNews

"Сотсыз татуласу орталығы" ашылды

Написать нам
23 қазан, 2018, 16:03 791 Қызылорда облысы

Қазақ елінің мемлекеттік құрылым жүйесіне, дәстүрлі құқығына өлшеусіз үлес қосқан билердің мемлекеттік билік саласында және әділ сот үшін атқарған қызметінің салмағын терең ұғынып, алтын тінін үзбей атадан балаға ауысып отырған дәстүрлі құқықтық нормалар қолданысы – тарихи танымдылық, оны бүгінгі өмірге ендіру өзекті мәселе.

Сотсыз татуласу жобасының мақсаты - халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот Төрағасы, жерлесіміз Жақып Асановтың қоғамдағы дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту жөніндегі ұсынысына сәйкес, Қызылорда қаласында республика бойынша алғашқы болып «Сотсыз татуласу орталығын» салтанаты түрде ашылды.

«Сотсыз татуласу орталығының» негізгі міндеті – араздасқан азаматтарды сотқа дейін, бітімге келтіру. Орталықтың тағы бір міндеті – келісу мәдениетінің маңызын арттыру. Бір сөзбен айтқанда, сотты адамдар өш алудың, есе қайтарудың құралына айналдырмауы тиіс. Сондықтан да, Орталық дауды шешудің жаңа мүмкіндігі болумен қатар, ол халықтың санасына оң әсер ететін, ұлттық бірегейлікті нығайтатын тәрбие ортасы болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!