Сенатор И.Адырбеков: Үкіметте дербестік болуы керек
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 352.54
EUR 415.15
CNY 51.53
RUB 5.31

Сенатор И.Адырбеков: Үкіметте дербестік болуы керек

7 ақпан 2017 ж 18:47

Сенат депутаты Икрам Адырбеков әлемдік экономикадағы жылдам өзгерістер жағдайында құбылмалы әлеуметтік-экономикалық ахуалдағы қазіргі мәселелерді жедел шешу үшін Үкіметтің әрекет ету мүмкіндігі мен қажетті дербестігі болуы керек, деп санайды. Сенатордың пікірінше, Мемлекет басшысының билік өкілеттіктерін қайта бөлу және саяси жүйенің өзгерістері жөніндегі үндеуіндегі бастамалар демократиялық қоғам қалыптастыру жолындағы тарихи меже болып табылады.


И.Адырбеков сенаторлар Мұхтар Алтынбаев және Ляззат Кииновпен бірге Алматы қаласындағы Алатау ауданының активімен және тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауының басым міндеттері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді. Сенаторлар Алматы қаласының тұрғындарымен әлеуметтік қамсыздандыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету, бағаны қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы мәселелерді талқылады.


Қатысты жаңалықтар: