Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 342.49
EUR 400.85
CNY 51.33
RUB 5.51

Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты

18 наурыз 2016 ж 15:29

Мәскеуде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысына қатысты.


Отырыста қаралған мәселелердің едәуір бөлігі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ЕАЭО органдарында Қазақстанның төрағалық етуі аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына Үндеуінде айтылған бастамаларға сәйкес келеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО нарығындағы тосқауылдарды, алымдар мен өзге де шектеулерді жою мәселелерін талқылады, қолданыстағы шектеулердің электрондық дерекқорын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Келешекте Одақ мемлекеттерінің бизнес қауымдастығы онлайн режімінде тосқауылдарды жою бойынша жұмыстар барысымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Отырыс қатысушылары келешекте өнеркәсіп саласындағы еуразиялық технологиялық платформа құру мүмкіндігін талқылады, бұл мемлекеттердің бар инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануға, өзара тиімді өнеркәсіптік кооперация үшін негіздер қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Қатысты жаңалықтар:

Серіктестер жаңалықтары