ЕАЭО елдері жеке бастың қолдануына арналған тауарларды бажсыз тасымалдау ережелерін түзетпекші
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 344.58
EUR 400.51
CNY 51.3
RUB 5.47

ЕАЭО елдері жеке бастың қолдануына арналған тауарларды бажсыз тасымалдау ережелерін түзетпекші

3 мамыр 2016 ж 09:46
ФОТО: архив BNews.kz

Жеке тұлғалар тасымалдайтын жеке бастың қолдануына арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында ЕАЭО Алқасы мен Кеңесінің аталмыш тауарларға қатысты ЕАЭО Кедендік кодекс жобасының нормаларын іске асыруға бағытталған шешімдері талқыланып, жетілдірілді.


Қаралған мәселелер қатарында бажсыз тасымалдау, электромобильдерге қатысты бажды белгілеу, сондай-ақ тауарларды бажсыз тасымалдауға құқылы азаматтардың жеңілдікке ие санаттарына қатысты нормалар да пысықталды, деп хабарлады ЕЭК.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ, 100 жыл бұрын жасалған және төлем құралы болып табылмайтын монеталар, бондар, банкноттар мен құнды қағаздар секілді мәдени құндылықтарды пошта арқылы жөнелту мүмкіндігін талқылады. Мұндай мүмкіндіктің болуын сарапшылардың көпшілігі мақұлдады.

Отырыс қорытындысы бойынша, елеулі мәселелердің бірі – бажсыз тасымалдау нормалары бойынша бір ұстаным белгіленгенін айта кету керек. ЕАЭО мүше мемлекеттердің бірқатары аталған нормаларға түзету енгізуді көздеп отыр.


Қатысты жаңалықтар:

Серіктестер жаңалықтары