ЕАЭО өзара төлем жасауда ұлттық валюталарды кеңінен пайдаланбақшы
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 365.49
EUR 420.35
CNY 52.66
RUB 5.6

ЕАЭО өзара төлем жасауда ұлттық валюталарды кеңінен пайдаланбақшы

16 мамыр 2016 ж 11:57
ФОТО: BNews.kz мұрағаты

Еуразиялық экономикалық одақ үшін қазір бірыңғай валютаға көшудің қажеттілігі жоқ. Алайда ағымдағы жағдайда өзара есеп айырысу кезінде ұлттық валюталарды пайдалану аса маңызды. Бұл туралы Мәскеуде баспасөз мәжілісі кезінде Еуразиялық экономикалық комиссияның интерграция мен макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша министр Татьяна Валовая мәлім етті.


Ол бірыңғай валютаны енгізу және сол арқылы артықшылықтарға ие болу үшін экономиканың барлық секторларында жақсы интеграцияланған бірыңғай нарық болу қажет деп атап өтті.

Алдағы кезеңдерге осындай міндет қойылып отыр. Ал әзірше мұндай нарық құрылған жоқ, бірыңғай валютаға да сұраныс байқалмайды. Татьяна Валоваяның сөзінше, есесіне ЕАЭО қатысушы елдердің ұлттық валюаталарын пайдалануды кеңейтуге сұраныс бар, деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі.

 «Оларды айналымға енгізудің арқасында сауда-экономикалық қатынастарда құбылмалылықтың кейбір элементтерін жойып, дербес қаржы нарығын дамыта аламыз. Сондықтан жақын болашақта макроэкономикалық интеграцияның валюталық-қаржы қызметі саласында ынтымақтастықты тереңдету басты орында болмақ. Алайда алдымызға бірыңғай валютаға көшу жөнінде түбегейлі жасанды міндет қоймауымыз керек», – деп көрсетті министр.

Қазіргідей экономикалық кезеңде, бұл асығыс шешім, әрі жағымсыз экономикалық салдар тудырады дейді ол.

Ал оның айтуынша, «үш елдің ұлттық валютасын пайдалануды кеңейту валюталар бағамдарының құбылмалылығы жағдайын тұрақтандыруы мүмкін».

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей енеді.


Қатысты жаңалықтар: