Ереванда ЕАЭО елдері мұнайдың ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын талқылап жатыр
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 346.68
EUR 404.02
CNY 51.15
RUB 5.47

Ереванда ЕАЭО елдері мұнайдың ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын талқылап жатыр

20 мамыр 2016 ж 16:54
ФОТО: © Дмитрий Астахов/пресс-служба правительства РФ/ТАСС

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (Қазақстан, РФ, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан) үкімет басшылары Ереванда қысқарған құрамда кездесу өткізеді. Осыдан соң Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы делегациялардың қатысуымен кеңейтілген түрде жалғасын табады, деп жазады ТАСС.


Үкіметаралық кеңестің отырысында одаққа мүше елдерді көлік және энергетика салаларында үйлестіру, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы ерекше талқыланбақшы.

Сондай-ақ премьер-министрлер Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасауға келіссөздер жүргізу директивасын талқылайды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес ЕАЭО құру туралы шарттың орындалуын бақылап, Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет басшылары деңгейіндегі шешімдерді жүзеге асырып, Еуразиялық экономикалық комиссияға тапсырма береді.

Дәл осы ЕАЭО елдері премьерлерінің кездесулерінде одаққа енетін мемлекеттердің интеграциялық ынтымақтастық мәселелерінің негізгі бөлігі қарастырылады.

Үкіметаралық кеңестің отырысы осымен бесінші рет өткізіліп отыр.


Қатысты жаңалықтар:

Серіктестер жаңалықтары